Бүгінгі таңда 51 мыңнан астам адам жол қозғалысы ережелерін сақтамаған
Жыл басынан бері Павлодар облысында қарсы жолаққа шығып кеткен 146 жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Көбінесе жүргізушілер жолдың қарсы жолағына шығып, маневр жасауға тыйым салынатын жолақты немесе белгіні байқамай басып озады. Қарсы жолаққа шығу жол-көлік оқиғасын тудыруы мүмкін өрескел заңбұзушылық саналады. Мұндай қасақана заң бұзу үшін жүргізуші 6 ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылады», - деді Павлодар облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов.
Мәселен, 2021 жылдың басынан бері 67 жүргізуші Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлімі бойынша жауапкершілікке тартылып, 6 ай мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылды.
«Егер автоәуесқой бір жақты қозғалыспен көшеге шықса, онда құқық бұзушы Қазақстан Республикасы ӘҚБтК 601 - бабы-жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігіндегі таңбалармен ұйғарылған талаптарды сақтамау бойынша жауапкершілікке тартылады. Бұл бұзушылық үшін айыппұл салынады.
Павлодар облысында мұндай жүргізушілер саны – 3941 адам», - деп түйіндеді Ғалым Сарғұлов.
Жол қозғалысының тәртіпсіз қатысушылары құқық бұзушылардың негізгі үлесін құрайтынын атап өткен жөн. Бүгінгі таңда 51 мыңнан астам адам жол қозғалысы ережелерін сақтамаған.
Полицейлер тұрғындардың назарын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, сондай-ақ балалар оқу орындарының, жаяу жүргіншілер өткелдерінің және қоғамдық көлік аялдамаларының жанында мүмкіндігінше мұқият болуына көңіл аударады.