Қостанай қаласында өрт шығып, жануарлар өлді

Автор: Azattyq Rýhy

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр

Қостанай қаласында өрт шығып, жануарлар өлді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы жылдың 4 маусымында Қостанай қаласында өрт болды. Байланыс пунктіне сағат 14:09-да Цветочная көшесінің бойында 150 шаршы метр алаңда сарайдың жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Сағат 14:17-де өрт сөндіру бөлімшесі оқиға орнына жетіп, қызыл жалынды сөндіруге кірісті.

Өрттің жеке үйдің бүкіл аумағына, сондай-ақ көрші үйдің маңына таралу қаупі бар еді. Тілсіз жаумен күреске барлығы жеке құрамнан 15 адам және 4 бірлік техника келді. Сарайдың өртенгенінен бөлек, ішінде жануарлар өлді: 1 жылқы және 12 қой. Сондай-ақ, өрт кезінде бір адам зардап шекті, оның жалдамалы жұмысшы екені анықталды.

Өрт сөндірушілер қызыл жалынды сағат 15:19-да сөндірді.

Өрттің шығу себебі анықталуда.

Тегтер: