$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.06.2021, 18:50
Оқиғалар

БҚО-да үш адам қаза тапқан жол апаты үшін аудан әкіміне сөгіс жарияланды

Ветеринария басқармасының басшысына қатысты қызметтік тергеу жүргізіледі

БҚО-да үш адам қаза тапқан жол апаты үшін аудан әкіміне сөгіс жарияланды

Ақжайық ауданы әкімі Қалияр Айтмұхамбетовке Орал – Атырау тас жолындағы үш адам қаза тапқан жол апаты үшін сөгіс жарияланды. Және ветеринария басқармасының басшысы Серік Нұрмағамбетовке қатысты қызметтік тергеу жүргізіледі.

Айта кетейік, 16 мамырда Орал – Атырау тасжолының 75-ші шақырымында ВАЗ 2113 автокөлігі түнде қараусыз жүрген екі жылқыны қағып кетіп, салдарынан бір отбасындағы әкесі, ұлы және немересі қаза тапты. Тағы екі адам жарақат алған.

БҚО әкімі Ғали Есқалиев аудан әкімдеріне республикалық жолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қатаң шаралар қабылдау туралы ескерткенін айтып, Ақжайық ауданы басшысына ескерту жариялады.

«Аудан әкімі Қалияр Айтмұхамбетовке сөгіс жариялаймын. Сондай-ақ, ветеринария басқармасының жұмысы нашар екенін ескертемін. 2020 жылы жанурларға қатысты болған 49 апаттың 43-інде мал иелері анықталмаған. Ветеринария басқармасының басшысына қатысты қызметтік тергеу жүргізіледі», - деді облыс басшысы.

Серіктес жаңалықтары