$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.06.2021, 17:55
Оқиғалар

Пәтерінде марихуана өсірген Петропавл тұрғыны ұсталды

Жыл басынан бері СҚО-да 114 келіден астам түрлі есірткі заттары тәркіленді

Пәтерінде марихуана өсірген Петропавл тұрғыны ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

Петропавл тұрғынының пәтерінен 20 түп марихуана және фитозертхананың жабдықтары табылды. Күдікті үйінде тыйым салынған шөпті гүлге арналған құтыда өсіріп келген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Полиция департаментінің хабарлауынша, есірткі тектес заттар бар өсімдіктерді өсіру фактісін құқық қорғау органдарының қызметкерлері анықтаған. 46 жастағы қала тұрғынының пәтерінен 20 түп марихуана, фитолампалар, климатты бақылайтын құрылғы және басқа да жабдықтары алынды. Марихуананы ер адам гүл егетін құмыраларда, шараларда өсірген. Күдіктінің айтуынша, «үйдегі өндірісті» өзі қолдану үшін ұйымдастырған. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-б. «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» және ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы «Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

«Сараптама қорытындысына сәйкес, зерттеуге берген үлгілер құрамында каннабис тектес есірткі заттары бар өсімдік екені анықталды. Тамырларымен бірге жалпы массасы – 5,650 килограмм, бұл ірі көлемге жатады. Естеріңізге саламыз, құрамында есірткі тектес заттар бар өсімдіктерді заңсыз өсіргені үшін 2 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі, яғни 5 миллион 834 мың теңгеге айыппұл салу жазасы қарастырылған. Максималды жаза – 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру», - дейді СҚО ПД Есіркі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Жандос Басыбаев.

Жыл басынан Солтүстік Қазақстан аумағында 114,5 келіден астам түрлі есірткі заттары тәркіленді. Бұған дейін Бескөл ауылында пәтер жалдап, синтетикалық есірткі әзірлеген колледж студенті ұсталған болатын.

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#СҚО #есірткі