Аталған факт бойынша сараптама тағайындалды
Палодарда жол апаты болып, бірнеше адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы Ломов-Катаев көшелерінің қиылысында болған.
Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, өткен түнде сағат 02:07-де Ломов – Катаев көшелерінің қиылысында «Мерседес-Гелендваген» мен «Лада-Калина» көліктері соқтығысқан.
«Оқиға салдарынан 1993 жылы туған әйел адам ауруханаға жатқызылды. Аталған факт бойынша сараптама тағайындалды. Тексеру жүргізілуде, - деді департаменттегілер.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы үш адам зардап шеккенін хабарлады.
«1993 жылы туған әйел адам жамбас сүйектері, қабырғаларының сынуы және кеуде жарақатымен ауруханаға жатқызылды. 1993 жылғы ер адам мидың шайқалуы, бас терісінің зақымдануымен үйде емделуге жіберілді», - деді басқармадағылар.
Сондай-ақ басқарма 1991 жылғы мас күйде болған ер адам бас терісінің зақымдануымен нейрохирургиялық бөлімшеге жатқызылған, алайда ол өз еркімен қабылдау бөлімшесінен кеткенін мәлімдеді.