Ұшақтардың екеуінде де жолаушылар болмаған
Алматы әуежайында Airbus A320 ұшағы орнынан қозғалу барысында Boeing 767 ұшағына тиіп кетті деп хабарлайды Tengrinews.kz. Екі ұшақ та Air Astana әуе компаниясына тиесілі.
Ал, оқиға болған аймақтан түсірілген фотосуреттер Kozachkov_offside Telegram-каналында пайда болды.
Әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға 29 мамырда болған. Ұшақтардың салонында жолаушылар болмаған. Қазіргі таңда екі ұшақты да жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.