ШұғылCOVID-19: Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 406 мыңнан асты

Ақсу қаласының маңында «КамАЗ» аударылып қалды

Жол-көлік оқиғасы Нұр-Сұлтан - Өскемен тас жолында болды

Ақсу қаласының маңында «КамАЗ» аударылып қалды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.  

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше,  сағат 22.06-да  полицияға Ақсу қаласының маңындағы жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама түскен. 

"Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері "КамАЗ-5320" автокөлігінің 36 жастағы жүргізушісі басты жолмен, ал "Волга" автокөлігінің 67 жастағы жүргізушісі екінші дәрежелі жолмен келе жатқанын анықтады. "Волга" жүргізушісі "КамАЗ" жүргізушісіне жол бермей, төтенше жағдай  тудырған. Соның салдарынан "КамАЗ" жүргізушісі соқтығысуды болдырмау үшін қарсы қозғалыс жолағына шығып, аударылып кеткен", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Оқиға салдарынан "Волга" автокөлігінің жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

"Волга" автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік өндіріс қозғалады. Сондай-ақ, "КамАЗ" автокөлігінің жүргізушісіне келтірілген материалдық залалды өтеу мәселесі жүргізушілер арасында азаматтық тәртіпте шешіледі. 

Тегтер: