Кәсіпкерлерді қорқытып, ірі көлемде ақша алған өскемендік прокуратура қызметкерлері ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР Бас прокуратурасымен бірлесіп, кәсіпкерлерді қорқытып, олардан аса ірі көлемде ақша алған прокуратура өкілдерін ұстады

фото: Батыржан Беспаев

«Атап айтқанда, 2019 жылдың 10 желтоқсанында Өскемен қаласында (ШҚО) кәсіпкерден қорқытып алынатын 50 млн. теңге мөлшеріндегі ақшалай қаражатты алу кезінде ҚР Бас көлік прокуратурасы Қылмыстық қудалау басқармасының аға прокуроры Құтанов Әлжаппар Мағауияұлы және ШҚО прокуратурасы Қоғам мүдделерін қорғау басқармасы бастығының орынбасары Рамазанов Айдос Асұланұлы қылмыс үстінде ұсталды», - делінген ҰҚК хабарламасында.

Ұсталғандар азаматтарға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 4-б. 2-т. («Қорқытып алушылық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.