Нұр-Сұлтанда кісі өлтіргені үшін іздеуде жүрген күдікті қолға түсті
Үш жылдан бері халықаралық іздеуде болған ер адам жалдамалы пәтерден ұсталды

Нұр-Сұлтан полициясы халықаралық іздеуде болған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, ұсталған ер адам 2017 жылдың желтоқсанында түрлі жарақатпен қалалық ауруханаға түскен 31 жастағы елордалық тұрғынды өлтірді деп айыпталып отыр.
«Марқұм түрлі дене жарақатыме. ауруханаға жеткізілген. Қылмыс түнгі клубтағы төбелес кезінде істелген. Күдікті ойын-сауық мекемесінде сағат 05.30-да жәбірленушіге пышақ сұғып алған, артынша қашып кеткен. Сол уақыттан бері ол Ресей аумағында және Қазақстанның шалғай аймақтарында қашып жүрді», - делінген ПД хабарлаасында.
Күдікті Нұр-Сұлтанға келген бетте қолға түскен. Оны ұстау операциясы Қабанбай батыр көшесіндегі жалдамалы пәтерде өткен.
Бұрын сотталған 41 жастағы күдікті Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр.