28 мамырда құқық қорғау органдары ведомствоның басқарма бастығын ұстады
Құқық қорғау органдары ҚР Қарулы Күштерінің Тыл және қару-жарақ басқармасының бастығы, полковник Асылбек Сатыбалдиновты ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«2021 жылдың 28 мамырында құқық қорғау органдары Қазақстан Қарулы Күштерінің Тыл және қару-жарақ басқармасының бастығы, полковник Асылбек Сатыбалдиновты ұстады. Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген министрліктің баспасөз хабарламасында.
Айта кетерлігі, Асылбек Сатыбалдинов қызмет барысында жақсы қырымен көзге түскен қызметкер ретінде сипатталады.