$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.05.2021, 00:20
Оқиғалар

Алматы облысында көлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қасақана басып өлтірген

Полицейлер оқиға орнынан қашып кеткен 61 жастағы жүргізушіні қолға түсірді

Алматы облысында көлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қасақана басып өлтірген

Алматы облысында көлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қасақана басып өлтіріп, қашып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 19 мамыр күні кешкі сағат 19.00 шамасында Қарасай ауданының полиция басқармасына хабарлама түскен.

«Қаскелең қаласында болған жанжал барысында белгісіз көлік жүргізуші 50 жастағы жергілікті тұрғынды қасақана көлігімен басып-жаншып, қашып кеткен», - делінген ПД хабарламасында.

Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлімі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Оқиға орнына жеткен патрульдік полиция қызметкерлері куәгерлердің сипаттауына сүйене отырып, автокөліктің маркасы мен бағыт алған мекенжайын анықтады. Көп ұзамай полицейлер ауыл шетінен «Фольксваген Гольф-3» көлігін тапқан.

«Жақын маңнан көліктің 61 жастағы иесі, Қаскелең қаласының тұрғыны ұсталды»,– делінген хабарламада.

Тексеру барысында ұсталған жүргізушінің жеңіл дәрежеде ішімдік ішкені анықталды. Ол болған оқиғаға қатысты өз кінәсін мойындады.

«Белгілі болғандай, жәбірленуші мен күдіктінің арасындағы жанжал жол қозғалысына байланысты туындаған. Жаяу жүргінші жүргізушіге тап беріп, артынша көліктің үстіне шығып, алдыңғы терезесін ұра бастаған. Сол сәтте көлігін оталдырып, жүріп кеткен жүргізуші кілт тоқтап, жүргіншіні құлатып түсірген. Онымен қоймай, жерде жатқан адамның үстінен көлігімен қасақана басып өтіп, оқиға орнынан қашып кеткен. Зардап шеккен ер адам оқиға орнында көз жұмған», - делінген ведомство хабарламасында.

61 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.   

 

Серіктес жаңалықтары