«Барыс» капитанының айлық табысы қазақстандық спортшының ашуына тиді
Қазақстандық спортшы Қуат «Найман» Хамитов «Барыс» хоккей клубының капитаны Даррен Дицтің айлық табысына қатысты сын айтты.
19 мамырда ресейлік «Спорт-Экспресс» интернет порталы Құрлықтық хоккей лигасындағы ең көп жалақы алатын хоккейшілер рейтиінгін жасады. Елордалық «Барыс» клубы сапында ойнайтын команда капитаны Даррен Диц тізімде екінші болды. Осылайша, «Барыс» капитанының бір жылдық табысы 100 миллион рубль екен (579 миллион теңге).
«Бұл - халықтың ақшасына түгіргені бар дегенді білдіреді», - деп жазды Қуат Хамитов әлеуметтік желіде.
Еске сала кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың наурызында «Барыс» клубын ҚХЛ-дың плей-офф кезеңіндегі алғашқы жеңісімен құттықтап, матч барысында Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындаған команда капитаны Даррен Дицқа ерекше алғыс айтты.