Павлодар облысында ер адамды тоқ соғып қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Қайғылы жағдай Железин ауданында болған

Фото: ашық дереккөзден

Павлодар облысында ер адамды тоқ соғып көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша,  18 мамыр күні полицияға сағат 09.50 шамасында Веселая Роща ауылынан үш шақырым жерде теміржол бойында ер адамның  денесі табылғаны туралы хабарлама  түскен.  

«Электрик-контакт болып жұмыс істейтін 1987 жылы туған адамның жоғары кернеулі желіде жұмыс істеп жатқан кезінде электр тоғына түскені анықталды. Оқиға куәгерлері бар», - дейді баспасөз қызметінде.

Аталмыш факті бойынша тексеру жүргізілуде, сот-медициналық сараптама тағайындалды.