$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.05.2021, 17:18
Оқиғалар

Көкшетауда 12 жастағы бала әкесінің көлігін айдап, жол апатына түсті

Көлік иесі жүргізушіге тиесілі міндеттерді орындамағаны үшін жауапқа тартылды

Көкшетауда 12 жастағы бала әкесінің көлігін айдап, жол апатына түсті
скриншот: видео

17 мамырда сағат шамамен 22:00-де Көкшетау қаласының 50 жастағы тұрғыны 8 наурыз көшесіндегі үйдің ауласы тұрағындағы Mitsubishi Pajero маркалы автокөлігін жөндеп, оны оталдырып, уақытша көлік жанынан кетіп қалған. Осы сәтте 12 жасар ұлы әкесінің автокөлігінің салонына отырып, көлікті жүргізген. Салдарынан 8 март көшесіндегі ауладағы металл қоршауды қағып кеткен.

Содан кейін көлік иесі оқиға орнынан көлікті айдап кетіп, бұл туралы ІІО-ға хабарламаған. Алайда тұрғындар болған жағдайдың бәрін телефон камерасына түсіріп, әлеуметтік желілерде таратқан.

Полиция өкілдері бір сағат ішінде жүргізушіні анықтап, жауапқа тартты. Автокөлік иесіне Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс 611-бабының 1-бөлігі (жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерді орындамауы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Серіктес жаңалықтары