Павлодарда автобус жарнамалық бағанға соғылды: 8 адам зардап шекті

Автор: Azattyq Rýhy

Зардап шеккендердің екеуі – алты және он бес жастағы балалар

скриншот: видео

Әлеуметтік желіде Павлодар қаласында автобустың жолдан шығып кетіп, баннердің тірегіне соғылғаны түсірілген видео тарап кетті.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, сағат 07.40-та «103» желісіне куәгерлерден Торайғыров – Ак. Бектұров көшелерінің қиылысында, музыкалық колледжге қарсы аумақта автобустың тірекке барып соғылғаны туралы хабарлама түскен.

«Оқиға орнына үш жедел жәрдем бригадасы шығып, үш минутта жетті. Сегіз адам зардап шеккен. Олардың екеуі – алты және он бес жастағы балалар. Бригада жол апаты болған жерде жұмыс істеп жатыр, – делінген басқарма хабарламасында.