Риддерде төтенше жағдай режимі енгізіледі

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі кезде жекелеген учаскелерде ағаш діңгектерін сөндіру шаралары жүргізіліп жатыр.

ШҚО-да төтенше жағдай режимі енгізіледі. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Риддер қаласының ауданында қалалық ауқымдағы төтенше жағдай  жариялайды. Қазір орманның жекелеген учаскелерін сөндіру жүріп жатыр. Кешке қарай мамандар барлық жұмылдырылған күштің көмегімен өртті толығымен сөндіреді», - деді Талғат Уәли. 

Еске салсақ, кеше Риддерде алапат өрт болып, салдарынан екі адам ауруханаға түсіп, 73 жастағы әйел көз жұмды. Соңғы дерек бойынша, 283 гектар аумақ отқа оранған. 

Тегтер: