Оралда жоғалып кеткен 15 жастағы қыз бала аман-есен табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Жасөспірім 5 мамыр күні үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған болатын

Фото: ашық дереккөзден

Оралда жоғалып кеткен 15 жастағы мектеп оқушысы аман-есен табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық Полция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Қарақат Арыстанғалиева 5 мамыр күні шамамен сағат 22.00-де үйінен шығып кеткеннен қайтып оралмаған болатын.

Полиция өкілдерінің мәліметінше, жасөспірім 7 мамыр күні түнгі сағат 01.00 шамасында құрбысының үйінен табылған.

«Орал қаласы полиция басқармасының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы 15 жастағы қыздың қайда екенін анықтады. Қазір жасөспірім өз үйінде. Оның жеке басына қатысты өзге мәліметтер жария етілмейді», - делінген ПД хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін Оралда 15 жасар қыздың із-түзсіз жоғалып кеткені туралы хабарланған болатын.