Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр
6 мамыр күні Шымкентте әуе шарының кесірінен бірнеше шағынаудан жарықсыз қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға кешкі сағат 20:24 шамасында Тұран шағынауданында жеке кәсіпкердің әуе шарын жинау кезінде болған.
«Жел салдарынан әуе шары 10 кВ әуе желісінің үстіне құлап, электр желілері үзіліп кеткен. Соның салдарынан Тұран шағынауданы мен Шымсити, Асар-2 шағынауданы және New City көпқабатты тұрғын үйлеріндегі 4 мыңға жуық абонент электр қуатынсыз қалды», - делінген қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының хабарламасында.
Қазіргі таңда «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-нің, «Қуатжылуорталық-3» МКК-нің арнайы бригадалары қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Аталған факт Қаратау аудандық полиция басқармасында арыздарды есепке алу кітабына тіркелді және Қылмыстық кодекстің 204-бабының 2-бөлігімен тіркелу көзделуде.
Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.