Қызылордада жыл басынан бері 2 бала терезеден құлап кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған деректер бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде

Фото: ашық дереккөзден

Қызылордада жыл басынан бері 2 бала терезеден құлап кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған деректер ҚР ҚК-нің 141-бабы бойынша (Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау) тіркеліп, олар бойынша қазіргі таңда тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Ата-аналарды қауіпсіздік шараларын сақтап, кішкентай балаларды терезесі ашық бөлмеде жалғыз қалдырмауларын және төмендегі кеңестерге назар аударуларын сұраймыз.

  • – Үйде балалар болған жағдайда ешқашан терезені ашық қалдырмаңыз;
  • – Баланың терезені өздігінен аша алмауы үшін арнайы құлып жүйесін орнатыңыз;
  • – Терезенің алдындағы жиһазды басқа жерге қойыңыз, бұл баланың құлауының алдын алуға септігін тигізеді;
  • – Терезелерге темір қоршаулар орнату қажет.