Ұсталған жігіт полиция бөліміне жеткізілді
Ақтөбеде төбелес болып, 28 жастағы күдіктіден 2 қару тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Төбелес орнына патрульдік полиция жасағы барып, 28 жастағы жігітті ұстады. Тексеру кезінде ұсталған азаматтың күртешесінен «ОСА» және пневматикалық тапанша табылды. Екеуінің де оғы бар. Оқиға орнына жедел тергеу тобы шақыртылды. Ұсталған жігіт полиция бөліміне жеткізілді», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілдері.
Осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бабы бойынша тергеу басталды. Сараптама тағайындалды.