04.05.2021, 13:22
Оқиғалар
Алматыда 4 жасар баланы қағып кеткен самокат жүргізушісі ұсталды
Ол өз кінәсін бірден мойындады
Фото: ашық дереккөзден
Алматыда 4 жасар баланы қағып кеткен самокат жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық полиция Департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол 1997 жылы туған Б. есімді азамат, Алматы облысы Іле ауданының тұрғыны болып шықты.
«Ер адам өзінің кінәсін бірден мойындады, ол жауапкершіліктен қорқып, баланы қаққаннан кейін, оқиға орнынан қашып кеткенін айтты. Сондай-ақ самокат жүргізушісі қасында оның сүйіктісі - 2000 жылы туған Т.есімді азаматшаның болғанын айтты. Сот ісін жүргізудің осы сатысында Б.есімді азаматқа ҚР ӘҚбК-нің 615 бабы, 2 бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Басқа жағдайлар анықталып жатыр», - деді, Алмалы аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Есен Ысқақов.
Көп оқылған
24.10.2026, 08:31
Петропавлда қыз жүріп келе жатқан көліктен секіріп кетіп, басқа көліктің астына түсті
24.10.2026, 12:31
Астанада автобус жүргізушісіне тап берген азамат ұсталды (ВИДЕО)
24.10.2026, 14:42
Алматы облысында жеңіл көлік дүкен ішіне басып кірді (ВИДЕО)
24.10.2026, 06:24
Атыраудағы НЗМ мұғалімі оқушымен хат алмасқаны үшін жұмыстан шығарылды
24.10.2026, 11:02
Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған
24.10.2026, 07:31
24 қазанда Қазақстанда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды