Алматыда үйінен кетіп қалған жасөспірімді иісшіл ит іздеп тапты

Жасөспірім жанжал үстінде үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған

Алматыда 14 жастағы А. есімді жасөспірімнің жоғалуы туралы хабарлама полицияға 30 сәуірде келіп түсті. Ата-анасының айтуынша, жасөспірім бір күн бұрын жанжал үстінде үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

«Толыққанды отбасы. Белгілі болғандай, анасы ұлына ескерту жасаған, ол оған ренжіп, үйден қашып кеткен. Ата-анасы баласын өз бетімен табуға тырысқан. Бірақ нәтижесіз болған. Келесі күні олар полициядан көмек сұраған. Мұндай жағдайда әр минут алтынмен тең. Іздеуді біздің бөлімнің ювеналды полициясының қызметкерлері, учаскелік инспекторлар, еріктілер және Полиция департаментінің тергеу-жедел тобы ұйымдастырды», – деді Жетісу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дархан Мұсанов.

Тергеу-жедел тобы құрамында «Есма» атты іздеу иті бар. Ол баланың ізіне түсіп, алысқа ұзағанына қарамастан, оны іздеп тапқан.

«Ит үйден аялдамаға дейін алып барды. Куәгерлермен сұхбаттасу арқылы баланың автобусқа отырғаны анықталды. Оны соңғы рет Қалқаман ықшамауданындағы көлік бөлшектер базарында көрген. Осы кезде Есма қайтадан ізге түсіп, із-түзсіз жоғалған баланың жолымен жүрді. Ит балалар ойын алаңына алып барып, іздеудегі жасөспірімді тапты, – деді Алматы қалалық ПД кинологиялық қызмет Орталығының кинолог-инспекторы Медет Жұмағали.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.