Полиция қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді
Шымкентте 3 күнде масаң күйде көлік басқарған 9 жүргізуші жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Шымкент қаласында полиция қызметкерлері көшелер мен қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында үш күндік «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.
«Іс-шараның қорытындысы бойынша қала аумағында масаң күйде көлік тізгіндеген 9 жүргізуші ұсталды. Аталған жүргізушілерге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) бойынша тиісті әкімшілік шара қолданылды», - делінген қалалық Полиция департаментінің баспасөз хабарлаамсында.
Тәртіп сақшылары автокөлік иелеріне мас күйінде көлік жүргізгені үшін жауапкершілік қарастырылғанын және жол жүру ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.