Оқиға Көптоғай ауылында болған
26 сәуірде Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Көптоғай ауылының тұрғыны - 41 жастағы әйел 4 айлық баласын пышақтап өлтірген. «Ақ Жайық» басылымының хабарлауынша, анасы жылауын тоқтатпаған сәбиіне бірнеше рет ас үй пышағын сұққан.
Атырау облысы Полиция департаментінің басшысы Қамза Үмбетқалиев күдікті ұсталғанын, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.