Ақсуда темір ұрлап жүргендер ұсталды

Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде

Ақсуда темір ұрлап жүргендер ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

Ақсуда темір ұрлап жүргендер ұсталды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, құқық қорғау органдарына Ақсу қаласының тұрғынынан ЖШС-нің  аумағынан металл құбырлар ұрланғаны туралы қоңырау түскен. Сол күні полицияға тағы бір ауылдың тұрғыны үйінен металл қоршау ұрланғаны туралы арызданған. 

"Полицейлер бірқатар іс-шаралар өткізді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары қаскүнемдерді ізін суытпай ұстады. Олар ұрланған заттардың көзін жойып үлгермеген екен", - деді Ақсу қаласы полиция бөлімінің бастығы Мыңбай Асылбеков.

Айта кетерлігі, облыста 94 металл қабылдау пункті жұмыс істейді. Олар бойынша құқық қорғау органдары үнемі профилактикалық рейдтер жүргізеді. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.