Екібастұзда көлік қағып кеткен бала жансақтау бөліміне түсті

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиғаға қатысты тексеру жүргізіліп жатыр 

Фото: ашық дереккөзден

Екібастұзда 9 жасар баланы жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кетті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 08:40-та  М.Жүсіп - Кеншілер көшелерінің қиылысында «Geely MK-Cross» автокөлігінің 51 жастағы жүргізушісі кәмелетке толмаған жасөспірімді қағып кеткен.

"Жол апаты салдарынан 2012 жылы туған жәбірленуші жарақатпен қалалық ауруханаға жеткізілді. Тексеру жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Денсаулық сақтау басқармасында тоғыз жасар балаға оң жақ жіліншігінің асықты жілігінің зақымдануы диагнозы қойылғанын хабарлады. Сондай-ақ жабық бас сүйек-ми жарақаты және бас миының шайқалуы тіркелген. Қазіргі уақытта бала жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты ауыр деп бағалайды.