Саяжайларда тұрып жатқан 100 отбасы эвакуациялау пунктеріне көшірілді
Петропавлда Есіл өзені тасып жатыр. Төтенше жағдайлар жөніндегі қызмет мамандарының мәліметінше, мыңға жуық саяжай су астында қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Саяжайларда тұрып жатқан 100 отбасы алдын-ала әзірленген эвакуациялау пунктеріне көшірілді. Сонымен қатар, «Челеябі-Новосібір» бағытындағы халықаралық жолдың 528-ші шақырымын су басты. Әзірге тереңдігі 45 сантиметр, ал ұзындығы 85 метр. Көлік қозғалысы шектеліп, қауіпті аймақта полицейлер кезекшілік атқаруда.
«Су тасқыны бойынша облыста жағдай тұрақты. Петропавл қаласында Есіл өзенінің деңгейінің көтеріліп келе жатқанын бақылап отырмыз. Шал ақын ауданындағы Сегреев су қоймасының деңгейі төмендегенін айтып кеткен жоқ. Қазір ол ернеуінен 50 сантиметрге тасып, төлігіп жатыр. Саяжайшыларға учаскелеріне бармауға кеңес беремін. Балық аулауға да бармаған жөн», - дейді СҚО ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы Сәкен Ағзамов.
Заречный кентіне апарар жол маңында да су деңгейі көтеріліп келеді. «Қазгидромет» мамандарының мәліметінше, Петропавлдағы Есіл өзеннің деңгейі сәуірдің 27-30-ы күндері шарықтау шегіне жетпек.