Екібастұзда өрт шыққан пәтерден зейнеткер құтқарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиғадан зардап шеккендер болған жоқ

Екібастұзда өрт шыққан пәтерден зейнеткер құтқарылдыю Оқиғадан зардап шеккендер болған жоқ, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 14.26 минутта №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің байланыс пунктінің пультіне Целинная көшесі, 25 А мекенжайы бойынша пәтердің жанып жатқаны туралы хабарлама түскен. 

«Шақыру орнына жеткен өрт сөндірушілер пәтерден шыққан түтінді анықтады. Газ-түтіннен қорғау құралымен дереу пәтерге терезе арқылы кіру туралы шешім қабылданды. Жатын бөлмені барлау барысында  пәтердің иесі, 1960 жылы туған әйел  табылды», - деді №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары  Жұмабай Кеңес. 

Терезе ойығы арқылы ішке енген өрт сөндірушілер пәтер иесін дереу таза ауаға шығарып, «103» қызметіне тапсырды.

Қонақ бөлмесінде жалпы ауданы 4 шаршы метр болатын заттар мен жиһаздардың  жанғаны анықталды.