Екібастұзда өрт шыққан пәтерден зейнеткер құтқарылды
Оқиғадан зардап шеккендер болған жоқ
Екібастұзда өрт шыққан пәтерден зейнеткер құтқарылдыю Оқиғадан зардап шеккендер болған жоқ, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 14.26 минутта №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің байланыс пунктінің пультіне Целинная көшесі, 25 А мекенжайы бойынша пәтердің жанып жатқаны туралы хабарлама түскен.
«Шақыру орнына жеткен өрт сөндірушілер пәтерден шыққан түтінді анықтады. Газ-түтіннен қорғау құралымен дереу пәтерге терезе арқылы кіру туралы шешім қабылданды. Жатын бөлмені барлау барысында пәтердің иесі, 1960 жылы туған әйел табылды», - деді №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Жұмабай Кеңес.
Терезе ойығы арқылы ішке енген өрт сөндірушілер пәтер иесін дереу таза ауаға шығарып, «103» қызметіне тапсырды.
Қонақ бөлмесінде жалпы ауданы 4 шаршы метр болатын заттар мен жиһаздардың жанғаны анықталды.