Қызылорда облысында жыл басынан бері алты адам суға кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Мамандар тұрғындарды су айдынында сақ болуға шақырады

Қызылорда облысында жыл басынан бері суға түсу маусымы басталмай жатып 6 адам суға кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Суға кетіп көз жұмғандардың үшеуі бала.

Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары өңірде суға шомылуға қауіпті 64 учаскені анықтап, ескерту тақтайшалары мен хабарламалар орнатты.

Облыс бойынша санитарлық және қауіпсіздік талаптары сақталатын 3-ақ жағажай бар. Оның екеуі Қызылорда қаласында және біреуі Шиелі кентінде орналасқан. Өзге аудандарда тіпті құтқару станциялары да жоқ. Осы ретте мамандар тұрғындарды су айдындарында сақ болуға шақырады.

«Адамдардың суда қаза болуының негізгі себебі - қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзуы. Атап айтсақ, өзен-каналдардың зерттелмеген жерлеріне суға түсуге тыйым салынады. Және де спирттік ішімдік ішіп суға түсуі, балалардың ата-ана қарауынсыз су жағасына баруы мен сүға түсуі жиі болып отыр», - деді ТЖД бөлім басшысы Жандос Досымов.