Павлодарда Toyota жүргізушісі велосипедшіні қағып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған бала жарақат алып, ауруханаға жеткізілді

Фото: ашық дереккөзден

Павлодарда Toyota жүргізушісі велосипедшіні қағып кетті, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

«Сағат 15.04-те Toyota маркалы автокөлігінің жүргізушісі М.Әуезов көшесіндегі   59-шы үйдің ауласында велосипедпен келе жатқан кәмелетке толмаған 15 жастағы жасөспірімді қағып кетті. Аталған  факті  тіркелді. Тексеру жүргізілуде. Сараптама тағайындалды», - дейді облыстық полиция департаментіндегілер.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспсөз қызметінің мәліметі бойынша,  бала дәрігерлердің тексеруінен кейін үйіне жіберілген.

Жарақат пунктіне оң жақ жіліншігі табанының соғылуымен жеткізілді. Жағдайы тұрақты деп бағалануда. Амбулаториялық ем тағайындалды.