Ақтөбеде жаяу жүргіншіні қағып кеткен велосипедші ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға салдарынан 36 жастағы әйел ауыр халде Ақтөбе қаласындағы ауруханаға жатқызылды

Ақтөбеде полиция жаяу жүргіншіні қағып кеткен велосипедшіні ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

14 сәуір күні сағат 01.35-те Ақтөбенің 32 жастағы тұрғыны электрлі велосипедпен айналып өтетін жолмен Жиенбаев көшесі жағынан айналып өтіп бара жатып, жолдың жүру бөлігінің оң жақ шетімен келе жатқан 36 жастағы әйелді қағып кеткен. Соқтығысқаннан кейін велосипедші оқиға орнынан қашып кеткен.

Оқиға салдарынан жаяу жүргінші ауыр халде Ақтөбе қаласындағы ЖМЖА НХБ-ға жатқызылды.

Жасырынған велосипедші анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. ЖКО себепкері кінәсін толық мойындады.

ҚР ҚК 351-бабы "Көліктің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ететін ережелерді бұзу" бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.