Полиция қызметкерлері аумақты қоршауға алып, адамдарды эвакуациялады
Павлодарда өзен жағасынан граната табылды. Полиция қызметкерлері аумақты қоршауға алып, адамдарды эвакуациялады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
«Сағат 19:30 шамасында полицияға Усолка өзенінен гранатаға ұқсас заттың табылғаны туралы қоңырау түсті. Оқиға орнына Павлодар облысы ПД жару-техникалық тобының қызметкерлері департаменттің кинологиялық қызметінің қызметкерлерімен бірге келді. Тексеруден кейін граната арнайы капсулаға орналастырылды», - деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінде.
Полиция қызметкерлері қала тұрғыны бұл затты балық аулау кезінде тауып алғанын анықтады. Аталмыш факт тіркеліп, сараптама тағайындалды. Тексеру жүргізіледі. Табылған зат қауіп төндірмейді.