Ақтауда үй жанынан жас жігіттің мәйіті табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Полиция қылмыстық кодекстің 105-бабы «Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу» бойынша cотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады

Фото: ашық дереккөзден

Ақтауда үй жанынан жас жігіттің мәйіті табылды, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy тілшісі өңірлік inaktau.kz сайтына сілтеме жасап.

Жігіттің денесін тұрғындар төртінші ықшамауданда тапқан. Олар бірден полиция шақырды.

«Ер адам жақсы киінген. Біз не болғанын білмейміз. Мүмкін құлап кеткен шығар, мүмкін басқа жағдай болған шығар. Қан іздері жоқ», - дейді оқиға куәгерлері.

Болжам бойынша жігіт өз-өзіне қол жұмсаған.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, бұл фактіге қатысты қылмыстық кодекстің 105-бабы «Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу»  бойынша cотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.