жолаушылардың біреуі жүкті әйел
Нұр-Сұлтан-Павлодар трассасының бойынан 8 адам эвакуацияланды, жолаушылардың біреуі жүкті әйел, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство өкілдері хабарлағандай, Ақмола облысы мен Нұр-Сұлтан қаласының құтқарушылары Нұр-Сұлтан-Павлодар автожолының бойында апаттан құтқару жұмыстарын жүргізуде.
«Софиевка мен Новомарковка ауылдарының арасындағы жолдан 8 адам эвакуацияланды, олардың бірі әйел», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Олардың барлығы Новомаровка ауылындағы жылыту орындарына жайғастырылды.