Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде
Семей қаласының ПБ Орталық ПБ «102» жедел арнасына 39 жастағы жергілікті тұрғын жүгінді. Ол таныс емес әйел орталық базар ауданында балаға жәрдемақы алу үшін құжаттарды дайындауға көмектесемін деген желеумен оның 200 000 теңге мөлшеріндегі ақшасын иемденгенін хабарлады.
"Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері 27 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ол өз кінәсін мойындап, ақшалай қаражатты өз мұқтаждықтарына жұмсағанын айтты",- деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
ШҚО Полиция департаменті қырағы болуды, алаяқтардың арбауына түспеуге, күмәнді қаржы салымдарына қатысудан бас тартып және құқық белгілейтін құжаттарды және қаржы операцияларының ашықтығын тексеруге кеңес береді.