Қостанайлық экс-шенеунік сот үкімімен келіспейді

Автор: Azattyq Rýhy

Рустам Садықов сот куәгерлердің айғақтарын ескермеді деп есептейді

Рустам Садықов, фото: tobolinfo

Бүгін Қостанай аудандық сотында Қостанай ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары Рустам Садықовқа қатысты сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды tobolinfo.kz.

Еске сала кетейік, Рустам Садықов лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген. Қылмыстық іс материалына сәйкес, ол құм карьерін игеруге қатысты жер учаскесіне рұқсат сұрап, аудан әкімдігіне жүгінген «Ремдортехник» ЖШС директоры Рашид Сәрсекеновке кедергі келтірген.

Прокурор Рустам Сыдықовқа 5 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығаруды сұраған. Ал, үкімді оқыған судья аудан әкімінің бұрынғы орынбасарының кінәсі сот барысында толық дәлелденгенін атап өтті.

«Рустам Садықов 362-баптың 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша (Қылмыстық кодекс - ред.) қылмыс жасағаны үшін кінәлі. Сот оған қатысты 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру (мүлкін тәркілеместен), орташа қауіпсіздігі бар түзеу мекемесінде өтеу жазасын тағайындады», - деді сот үкімін оқыған судья.

Р.Садықов өмір бойынша мемлекеттік қызметтегі лауазымдарды атқару құқығынан айырылады. Кетпеу туралы қолхат сот залында қамауға алумен ауыстырылды. Сондай-ақ сот жәбірленугі Сәрсекеновтің 500 мың теңге моральдық шығын туралы талаптарын ішінара қанағаттандырды.

Айыпталушы сот үкімімен келіспейтінін жеткізді.

«Неге мені алты ай мазаладыңыздар? Үкімді бірден шығарып, менің және менің отбасымның жүйкесін жұқартпауға болатын еді. Сот менің жағыма шығып сөйлеген куәгерлердің айғақтарын ескермеді. Одан бөлек, жәбірленушінің лицензиясы алып алмақ. Осыдан соң менің түрмеге қамалғаным мүлдем түсініксіз емес пе?», - деді ол.

Судья Рустам Садықовтың сот шешімімен келіспейтін болса, апелляциялық шағым бере алатынын жеткізді.