Алматыда Finbet букмекерлік кеңсесінің басшылары сотталды

Автор: Azattyq Rýhy

Олар ел аумағында 300 млн теңгеден астам сомада кіріс алып, ойын бизнесімен заңсыз айналысқан

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Finbet букмекерлік кеңсесінің басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.  

Тергеу барысында Finbet букмекерлік кеңсесінің басшылары букмекерлік қызметпен қатар Қазақстан Республикасы аумағында анықталды.

Құмар ойындарға құқыққа қайшы ақшалай мөлшерлемелерді қабылдау Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстарында орналасқан 43 мекемеде жүзеге асырылған.

Сот үкімімен үш айыпталушы ҚР ҚК 307-бабы 3-б. 2-т. (аса ірі мөлшерде табыс алумен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) бойынша кінәлі деп танылып, екі ұйымдастырушыға шартты түрде 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі, ал біреуіне 2,4 млн теңге сомасында айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.

Қылмыстық іс бойынша 100 млн теңгеден астам сомаға ақша қаражаты мен басқа да мүліктер тәркіленді.