Алматыда көппәтерлі үйде тағы бір есірткі зертханасы жұмыс істегені анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Есірткі зертханасын ұйымдастырушы - 27 жастағы алматылық тұрғын

скриншот: youtube

Алматы тұрғыны көрші үйден пәтер жалдап, синтетикалық есірткі өндірісін бастаған, өнімді көтерме жолмен де, бөлшектеп те сатқан.

Ш.есімді азаматтың негізгі тұрғылықты жерінің жанында орналасқан жалдамалы пәтерінде рұқсат етілген тінту кезінде «мефедрон» синтетикалық есірткі заттарын өндіруге арналған компоненттер мен жабдықтар тәркіленді. Сот-химиялық сараптама тәркіленген заттардың психоактивті заттарға жататынын растады.

Алматы қалалық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетовтың хабарлауынша, күдікті қылмыстық жауапкершілікке тартылып, ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.