Екібастұзда тағы бір мас әйел балконнан құлап кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Жарақат алған әйел адам ауруханаға жеткізілді

Фото: ашық дереккөзден

Екібастұзда тағы бір мас әйел балконнан құлап кетті. Жазатайым оқиға 30 наурыз күні сағат 12.50-де болған, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

«41 жастағы әйел пәтерінде мас күйінде өзінің абайсыздығынан екінші қабатта орналасқан пәтердің балконынан құлап кеткен», - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Жарақат алған әйел адам ауруханаға жеткізілді.

Еске сала кетейік, Екібастұзда 51 жастағы әйел мас күйінде төртінші қабаттан құлап кеткен.