Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 14 адам өрттен көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Сонымен қатар өрттен 37 адам құтқарылып, 54 адам эвакуацияланды

Фото: ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері 14 адам өрттен көз жұмды. 37 адам құтқарылып, 54 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаза тапқан 14 адамның 8-і отпен абайсыз әрекет етуден, 1 тұрғын электр жабдықтарын қолдану кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзудың салдарынан жан тапсырды. Осы ретте департамент мамандары облыс тұрғындарына қауіпсіздік ережелерін еске салады.

«Қосулы электр және газ құралдарын қараусыз қалдырмаңыз; Отты абайлап пайдаланыңыз – төсекте жатып, лоджия мен балконда темекі шекпеңіз; Зауытта жасалмаған электр сақтандырғышты, жасанды абажур, жарықтандыру шамын пайдаланбаңыз; Жертөле мен шатырларда жанғыш заттарды, түрлі тұрмыстық қоқысты, жиһаз бен қағазды сақтамаңыз. Қызыл жалын шыққан жағдайда дереу «101» немесе «112» нөміріне хабарласыңыз», - деп жазылған хабарламада.