Атырауда жұмысына кетіп, жоғалған адамның денесі табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Оның денесі Жайық өзенінен табылды

Атырауда жұмысына шығып кетіп, жоғалған күзетшінің мүрдесі Жайықтан табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

6 наурызда кешкі сағат 19:00 шамасында 54 жастағы күзетші үйінен жұмысына шығып кетіп, із-түзсіз жоғалған. Оның денесі 26 наурызда Жайық өзенінен табылды. Мүрдені қарау кезінде дене жарақаты болмады.