Бұл осы айда өңірде болған үшінші жағдай
полицей асылып өлген күйі табылды. Бұл осы айда өңірде болған үшінші жағдай, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.
29 наурызда Құрманғазы ауылында полиция қызметкері асылып өлген. Құрманғазы ауданының тумасы Теңіз полиция бөлімінде кезекшінің көмекшісі болып қызмет еткен. Оның денесі стадионнан табылған.
Жергілікті құқық қорғау органдарында бұл наурызда болған үшінші жағдай екені айтылады.
Полиция қызметкерінің қайтыс болу фактісі бойынша қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.