Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды
Батыс Қазақстан облысында төбелесте ауыр жарақат алған ер адам ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі БҚО полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ақжайық ауданында 45 жастағы Н. ағасының тұрғын үйінің жазғы сарайының ішінде ес-түссіз жатқан жерінен табылып, ауруханаға жеткізілді. Ол 27 наурыз күні алған дене жарақаттары салдарынан қайтыс болды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.