Шенеунік пара ретінде қысқы дөңгелектер алған

Автор: Azattyq Rýhy

Күдікті заңды тұлғаның өкілінен 180 мың теңге тұратын қысқы шиналар жиынтығы түрінде пара алды деп күдікке ілінген

Қостанай облысы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы директорының орынбасары пара алды деп күдіктелуде.

Қостанай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі аталған облыстың "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалы директорының орынбасарына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

Ол мемлекеттік қызметтерді алуды жеделдетуге жағдай жасағаны үшін заңды тұлғаның өкілінен "Range Rover" автокөлігінің 180 мың теңге тұратын қысқы шиналар жиынтығы түрінде пара алды деп күдіктелуде.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Күдікті кінәсінің деңгейін анықтай отырып, оған қатысты соңғы шешімді сот шығарады.