ШҚО тұрғыны бұрынғы әйелінің сөмкесінен ақша ұрлап кеткен

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде

Фото: ашық дереккөзден

Наурыз айының басында Өскемен қ. ПБ Үлбі полиция бөлімінің «102» жедел арнасына 27 жастағы қала тұрғыны жүгініп, сағат 00:00 шамасында оның бұрынғы күйеуі үйінде болған кезде сөмкесінен 50 мың теңге ұрлап кеткенін хабарлаған. 

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері Катонқарағай ауданының 31 жастағы тұрғынын жеткізді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Тегтер: