Сондай-ақ ТМД аумағында іздеуде жүрген 10 шетелдік анықталды
Ақтөбелік полицейлер «Іздестіру»жедел алдын алу іс-шарасын қорытындылап, іздеуде жүрген азаматтарды ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Іздестіру» жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу кезеңінде полиция қызметкерлері 16 адамды ұстады. Сонымен қатар ТМД елдерінің құқық қорғау органдарының іздеуіндегі жүрген 10 адам анықталды, оның ішінде, 9 адамға Ресей Федерациясы іздеу салса, 1 адам Қырғыз Республикасының іздеуінде болған», - делінген хабарламада.
Полиция қызметкерлері ресейлік әріптестерімен бірлескен іздестіру шаралары барысында Иркутск қаласында 2020 жылдың қарашасынан бері іздестіріліп жатқан 32 жастағы әйелді қолға түсірді.
Сонымен бірге, жоғалған 9 азаматтың орналасқан жері анықталды, олардың бірі Ресей Федерациясының аумағынан табылды.