Алматы әкімі АН-26 ұшағы құлаған жерге барды
Б.Сағынтаев ұшақ апатынан зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетуді тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың әуежайында болған АН-26 ұшағы құлаған жерге барды.
Қала әкімі Twitter-аккаунтында жағдайды бақылауда ұстап отырғанын хабарлады.
«АН-26 әскери ұшағы құлаған жерге бардым. Тиісті қызмет өкілдеріне болған оқиғаның салдарын жоюды тапсырдым. Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде», - деп жазды Б. Сағынтаев.