Жыл басынан бері өңірде 14 адам өрттен қаза тапты
Жыл басынан бері өңірде 14 адам өрт құрбаны болды, барлығы 130-дан аса өрт оқиғасы тіркелген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қостанай облысының ТЖД-ға сілтеме жасап.
«Облыста жыл басынан бері 135 өрт оқиғасы тіркелген. Алдыңғы жылы осы уақытта 128 өрт тіркелген. Осылайша, өсім 5%-ды көрсетті. Өрт салдарынан 14 адам қаза тапқан, алдыңғы жылы құрбандар саны 11 болған, өсім – 27%», - деп мәлімдеді ведомстводан.
Өрт көбінесе жеке үй секторында шығады. Бұндай 98 оқиға тіркелген.