Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері операция жүргізді
Павлодар қаласында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел қызметкерлері ауқымды операция жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Нәтижесінде Павлодар қаласында орналасқан жасырын орнынан алынған 1 кг астам синтетикалық есірткі заттарын өткізу әрекеті кезінде есірткі курьер ұсталды. Ұсталған азамат еліміздің оңтүстік өңірінің 24 жастағы тұрғыны, Павлодар облысындағы есірткі құралдарын ірі жеткізушілердің бірі болып шықты»,- деді Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, күдікті Павлодар қаласының УҰИ-на қамалды.